Касым Аманжолов Реферат На Казахском

/ Comments off

Сансыз көкек сұңқылдап, Көктем келді ертелеп, Нәзік үнмен сыңқылдап, Бұйра бұлақ еркелеп. Асау өзен арқырап, Асқар таудан дүркіреп, Айдын жатыр жарқырап, Алды дала бір түлеп.

Көкте бұлттар күркіреп, Жерге төкті өрмегін. Жауды жаңбыр сіркіреп, Мейірленіп жерге күн. Естіп аспан дауысын, Асыққандай гүл шығып, Андып бұлттар аңысын, Колхозды ауыл құлшынып.

Алақанын тұр жайып Жас ағашта жапырақ, Балғын өмір ғажайып Жас дауыспен жамырап. Еңбек ата жүр елде Егінжайда ту ұстап, Қара бұйра кілемге Алтын шашып уыстап. Темір тепшіп ер терлеп, Трактор сүйреп даланы, Бүгінгіден ертеңге Алып кетіп барады. Көктем күйін бастады Өз өнерін асыра. Қысты қуып тастады Асқар таудың басына.

Касым Аманжолов Реферат На Казахском

Жақсы екен ғой Алматым, Алтын үйек астанам. Осы екен ғой жаннатың Атам қазақ аңсаған.

Келдім сені сағынып, Алтын ұям - Алматым. Кең көшеңде басар нық Мен бір ақын солдатың. От пен темір сайысқан Келдім майдан төрінен.

Жер құшам деп көр құшқан Жауды жеңіп келдім мен. Сағынышын солдаттың Сен сұрама, мен айтпан. Кетті шығып бір ұшқын Кеудемдегі шыңайттан. Күлкі-жасы аралас, Ақын да бір жас бала. Тербет өзің, мауқын бас, Алтын бесік - астана.

Стихи на казахском языке Касым Аманжолов, Касым Рахимжанович Аманжолов (1911-1955). Ключевые слова страницы: как, скачать, бесплатно, без, регистрации, смс, реферат, диплом, курсовая, сочинение, ЕГЭ, ГИА, ГДЗ. Касым Аманжолов умер рано, но еще при жизни успел прославиться. А после смерти занял почетное место на литературном олимпе казахской литературы. • Аманжолов К. — Алма-Ата: Казах. Изд-во, 1949. • Аманжолов К. Реферат на тему шокан уалиханов на казахском языке » zharar сайт на Стихи на казахском языке.

Жүрмін жортып қызықтап, Көше қоймай баспаған. Сыбырлайды жапырақ, Жалт қарайды тас маған. Өкпе, назға - манафест, Жатыр құшып достарым. Сары алтын күн, думан кеш, Қанар емес құмарым. Ән мен күйді сапырған Сал домбыра- сал ожау; Сабырлы оймен отырған Бір қария Алатау.

Неткен сұлу өмір ең! Қарай берем үңіліп. Ғажайып бір мейірмен Келешегің тұр күліп. Жақсы екен ғой Алматым Алтын тулы астанам. Осы екен ғой жаннатың Атам қазақ аңсаған. Ышқына соққан дауылға Құмартушы ем жасымда. Нөсерлеп құйған жауында Қызығушы ем жасынға.

Касым Аманжолов Реферат На Казахском

Жүгіруші ем жарысып Сарыарқаның желімен. Ойнаушы еді алысып Соққан дауыл менімен. Дауыл!» дегенге, Шықтық үйден дүркіреп. Аспан тұрды төбемде Аласұрып, күркіреп. Дүние сол кез дүрілдеп, Келе жатты бір дауыл.

Қасым Аманжолов Реферат На Казахском Языке

Түндіктері желпілдеп, Күтіп тұрды жарлы ауыл. Шыр айналды шаңырақ, Сықырлады сырғауыл. Бұрқырады бар аймақ, Соқты ышқына көк дауыл.

Көшті дауыл керуені, Ілестім де мен кеттім. Көк дауылдай кеуделі Жігіт болдым, ер жеттім. Мен дауылдың ұлымын, Тұра алмаймын дауылсыз. Қарсы алуға дайынмын, Соқса да дауыл дамылсыз.